Жойқын «Милтон» дауылы Флорида жағалауына жетті

Айнель Аянова

Қаупі жөнінен 5-категорияға жатқызылған «Милтон» дауылы АҚШ-тың Флорида штатына жетті, төтенше жағдайдар бойынша федералдық агент паналайтын орындарды тастап кету өмір үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

CNN

ДАУЫЛ БӘСЕҢСІГЕН

АҚШ-тың ауа райын болжайтын ұлттық қызметі дауыл жағалауға жетерде сәл бәсеңдеп, қаупі жөнінен 3-қатегорияға түскенін жеткізді. Желдің жылдамдығы 154 км/сағат дейін төмендеген.

Мамандар сонда да Милтон өте қауіпті екенін, бірінші кезекте эвакуацияланбаған адамдар үшін қауіп төнетінін қайталауда. Жел екпіні үлкен толқындар тудырып, жаңалауды тереңдігі 4-5 метр болатын су басатынын ескертіп жатыр. Бұған қалың нөсер қосылып, тасқын қаупін төндіруі мүмкін делінуде.

Қазіргі уақытта «Милтон» Флорида арқылы солтүстік-шығысқа қарай жылжып бара жатқаныны хабарланды.

АҚШ төтенше жағдайлар федералдық агенттігінің басшысы Диэнн Крисвелл Флорида тұрғындарын паналайтын арнайы орындарды тастап кету өлімге әкелуі мүмкін екенін ескерті, тұрғындарды ешқайда шықпауға шақырды.

Крисвеллдің сөзінше, арнайы орындарға 70 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Бұған дейін «Милтон» АҚШ-тың соңғы 100 жылдық тарихындағы ең алапат дауыл болуы мүмкін екені айтылған.

КАТАСТРОФАЛЫҚ САЛДАР

ВВС дерегінше, дауылға байланысты президент Джо Байден Германия мен Анголаға сапарын кейінге қалдырған.

“Милтон” дауылының траекториясы мен күшін ескеріп, президент Германия мен Анголаға жоспарлаған сапарынан бас тартып, дауылға дайындықты бақылайды” деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Байденнің өзі жағдайды “өмір мен өлім” мәселесі ретінде сипаттап, “Құдай бұл апаттан сақтаса екен, бірақ қазіргі жағдайда олай болмай тұр” деп мәлімдеді.

«ХЕЛЕН»

«Милтон» АҚШ-ты әуре сарсаңға салғалы тұрған соңғы екі аптадағы екінші дауыл.

Бұған дейін АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған Хелен дауылы 90-нан астам адамның өмірін қиған. 26 қыркүйекте басталған дауыл жолдар мен көпірлерді қиратып, миллиондаған адамды электр қуатынсыз қалдырған. Сонымен қатар Флоридадан Вирджинияға дейінгі аумақтарды су басып қалған.

Жергілікті және мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша дауылдан 93 адам қаза тапқан. Шығын сомасы 15 миллиардтан 100 миллиард долларға дейін деп болжанып отыр. Табиғи апат салдарынан сумен жабдықтау, байланыс жүйелері мен маңызды көлік маршруттары қатты зардап шеккен. Оларды қалпына келтіру бірнеше айға созылуы мүмкін.