Бішкекте бокстан ұлттық құраманың бапкерін атып кетті

Сырым Қаржас

Бішкектің бокс залдарының бірінде белгісіз біреулер Қырғызстан ұлттық құрамасының бокстан жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиевті атып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

24.kg

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің БАҚ-қа берген ақпаратына сәйкес, кісі өлтіру қылмысы 10 қазанда 7-ші шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Автоматтары бар белгісіз адамдар бокс залына кіріп, онда тәлімгер жұмыс істеп жатқан бапкер мен көмекшілеріне оқ жаудырған. Соның салдарынан Жылдызбек Ниязалиев сол жерде қайтыс болған. Оның екі көмекшісі жарақат алған. Қарақшылар белгісіз бағытқа қашып кеткен. 

Дереккөздің хабарлауынша, бокс залы бокстан белгілі әлем және Еуропа чемпионы, Жоғарғы кеңестің бұрынғы депутаты Орзубек Назаровқа тиесілі.

Жылдызбек Ниязалиев осы жылдың шілде айында елдің МҰҚК-ге жүгініп, "Дордой" базарында өз учаскесін алдап алған танысына шара қабылдауды сұраған. Сол тұста чекистер белгілі бокс төрешісі, бокстан ұлттық құрама төрешілер алқасы төралқасы төрағасының орынбасары Мұқаш Ырсалиевті ұстап алып, оны тергеу изоляторына қамаған еді.