Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колинада (Чили) өткен WTA 125 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Отандасымыз жұптық сында Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық-словениялық жұп украиналық Валерия Страховая мен ресейлік Анастасия Тихоновамен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Турнир барысында Құламбаева мен Эрьявец Түркия өкілі Ипек Оз және Грекия теннисшісі Деспина Папамихаил жұбын жеңді. Ал жартылай финалда аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборннан басым түсті.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирлерде қатарынан екінші рет топ жарды. Бір апта бұрын ол Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өткен жарыста да чемпион атанған еді.