Қостанай облысында дала өрті 10 мың гектарға өршіп кете жаздады

Сырым Қаржас

ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысында дала өртін сөндірді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

скриншот

ТЖМ ХАБАРЛАМАСЫ

Министрліктің хабарлауынша, Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 шақырым қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Жел екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындаған.

ҚАНША КҮШ ТАРТЫЛДЫ

Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің СТҚ бар тікұшақ тартылды. Авиация жалпы көлемі 8 тоннадан астам 4 су төгуді жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңда өрттің таралуына жол берілмеген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.