Мемлекет қайтарып алды. Жетісу облысында СЭС салуға берілген жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған

Ғалиасқар Думан

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Фото: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2014 жылы “К» и «A” ЖШС-не су электр станциясын салу үшін  жалпы ауданы 221 гектар 5 жер учаскесі берілген.

“ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жоғарыда аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.

Департамент жол берілген бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады. Алайда, ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды” делінген минисьрлік хабарламасында.

Жекеменшікке берілген жерлер облыстың Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында орналасқан.