Тарихи сәт: SpaceX әлемдегі ең қуатты зымыранды сәтті қондырды (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

SpaceX тарихтағы ең қуатты зымыран – super Heavy зымыран тасығышының бірінші сатысын сәтті қондыру арқылы тарихи кезеңге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Space X

Компания өзінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасында жазғанындай, бұл super Heavy-тің іске қосылғаннан кейінгі алғашқы сәтті қонуы. Бұл оқиға super Heavy тасымалдағышымен жабдықталған Starship зымыранының бесінші сынағы аясында болды.

SpaceX мәліметтері бойынша, зымыран NASA Айға адам басқаратын миссиялар үшін жасап жатқан Space Launch System (SLS) зымыранынан екі есе дерлік қуатты. Бұл сынақ Марсқа және Жер орбитасынан тыс жерге болашақ миссияларға арналған Starship бағдарламасын әзірлеудегі маңызды қадам болды.

Еске салсақ, бұған дейін американдық ғарыш компаниясы Crew Dragon капсуласында орбитаға алғашқы жеке Polaris Daw туристік экспедициясын жіберген еді.

Сондай-ақ ақылы рейспен ғарышты бетке алған алғашқы туристер тобы Жерге аман-есен оралғанын жазған едік.