Еуроодақ Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштеріне (UNIFIL) шабуылын айыптайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕО Кеңесінің сайтында жарияланған жазбаша мәлімдемеде Еуропалық Одақ бірнеше адамның жарақат алуына себеп болған "Израиль қорғаныс армиясының Ливандағы БҰҰ уақытша күштеріне (UNIFIL) шабуылын" айыптайтынын атап өткен.
БҰҰ бітімгерлеріне жасалған шабуылдар – халықаралық құқықты өрескел бұзу әрі мұндайға ешқашан жол берілмеуі керек. Шабуылды тез арада тоқтату қажет, – делінген мәлімдемеде.
Еуропалық Одақ Израиль үкіметінен "Оңтүстік Ливандағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған БҰҰ бітімгерлеріне жасаған шабуылына қатысты түсініктеме күтеді, әрі бұл оқиғаға қатысты толыққанды тергеу жүргізілуін талап ететінін" атап өткен.
Бұдан бөлек мәлімдемеде UNIFIL қарулы күштері мен басқа да қызметкерлері ЕО-ға мүше 16 мемлекетке өзіндік үлес қосып келе жатқаны айтылды. Олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау барысында қолайсыз жағдайларда жұмыс істеп жатқаны да хабарланды. Бұл ретте ЕО олардың кәсібилігін мойындайтынын, әрі UNIFIL-ге өз тарапынан қолдау көрсететінін атап өтті.
Біз Израильдің "Хезболла" тұсынан оқ жаудырғанына алаңдаймыз. Оны тоқтату керек. Сондай-ақ, Израиль қарулы күштерінің Ливанның халық тығыз қоныстанған аудандарына жасаған соққысы салдарынан бейбіт халық зардап шегіп, қоныс аударуға мәжбүр. Біз барлық тарапты қандай жағдай болмасын халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға шақырамыз, – делінген мәлімдемеде.
Еуроодақ барлық тарапты кез келген уақытта БҰҰ бітімгерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін толық орындауға шақырды.