Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірді

Ulysmedia

Бүгін таңертең Ақтөбеде кісі өлтіру оқиғасы болды. Жеке үйдің ауласынан оқ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды. Жергілікті тұрғындардың жазуынша, марқұм жанармай құю станциясын басқарған. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үй ауласында оқ атылған

Нұрлы таң көшесінде, Ғазиза Жұбанова көшесіне жақын маңда бірнеше полиция көлігі тұр. Жеке үйдің біріне апаратын жол жабылып, қақпасына сары лента тартылған.

Кәсіпкерді өз үйінің ауласында атып өлтірген. Оқиға орнына оның туыстары да келген. Алайда олар журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Полиция не дейді

Полиция марқұмның оқ жарақатын алғанын растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Кейінгі бір айда Ақтөбеде бірнеше кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. 13 қазанда пышақ жарақатынан 35 жастағы әйел көз жұмды. 3 қарашада Неке сарайында 26 жастағы қыз пышақталып өлтірілді. Ал бірнеше күннен кейін кішкентай қызы қалған тағы бір әйелдің қаза тапқаны белгілі болды.

Кейінгі екі жағдайда да марқұмдардың бұрынғы күйеулері кісі өлтірді деген күдікке ілінген.

Посмотреть публикацию в Telegram

Сізге қызық болуы мүмкін