Қатыгездік танытқан – жыл басынан бері қанша тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ілияс Бақыт

Қазақстанда жыл басынан бері 10 балабақша тәрбиешісі балаларға қатігездік танытқаны үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

10 ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛҒАН

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамованың мәлімдеуінше, осы жылдың тоғыз айында балабақша тәрбиешілеріне қатысты 17 заңбұзушылық тіркелген, оның ішінде 10 жағдайда қызметкер жұмыстан шығарылған.

КЕЛІСІМГЕ КЕЛГЕНДЕРІ ДЕ БАР

Адамованың айтуынша, қалған жағдайлар тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы келісіммен реттелген, ата-аналар балаларын сол тәрбиешілерге сеніп тапсыруды жалғастыруға шешім қабылдаған. Ата-аналардың негізгі шағымдары балаларға қатігездік көрсетуге байланысты болған.

Министрлік өкілі мұндай мәселелерді шешу тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын талап ететінін баса айтты. Оның пікірінше, баланың жағдайы мен көңіл-күйі тек балабақша жағдайына немесе тәрбиешілердің іс-әрекетіне байланысты емес – отбасындағы орта мен ата-ананың рөлі де маңызды. Баланың тәрбиесі мен мінез-құлқы мәселелерін екі жақтың ортақ жауапкершілігі негізінде шешу керек деп атап өтті.

ТҮСІНДІРУ, МЕДИАЦИЯ, СОТ...

Балабақшаларға келіп түсетін шағымдар болған жағдайда, қақтығысқа қатысушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Егер ата-аналар тәрбиешіні жазалауды талап етсе, тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Жоғары органдарға шағым түскен жағдайда, медиация жүйесі қолданылады, ал кейбір жағдайларда қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.