Рэпер P. Diddy-ге қарсы зорлау ісі бойынша тағы алты іс қаралып жатыр

Қалижан Бектемір

Нью-Йорк федералды сотында америкалық музыкалық продюсер әрі рэпер Шон Комбсқа қарсы тағы жаңа алты іс қаралып жатыр. Онда P. Diddy зорлау және қудалау бойынша айыпталуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Eduardo Munoz/File Photo, Reuters

ЖӘБІРЛЕНГЕН 120 АДАМНЫҢ 25-І КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН

«Коммерсанть» басылымының мәліметіне қарағанда жәбірленушілердің бірі 16 жасында зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады. Кейбір эпизодтар, сот процестеріне сәйкес, P. Diddy-дің «ақ кештерінде» болған.

Associated Press хабарлағандай, барлық алты арыз қауіпсіздік мақсатында жасырын түрде берілген. Олардың екеуін әйелдер, тағы төртеуін ер адамдар берген. Олар Шон Комбс «өзінің атақ-даңқын пайдаланды» және зорлық-зомбылық көрсетіп, «сәнді кештерінде» азғыру арқылы мансаптық жолда көмектесуге уәде берді деп мәлімдейді.

Кейбір жәбірленушілердің айтуынша, рэпер өзінің талаптарын орындаудан бас тартқандарды немесе оған қарсы көпшілік алдында сөйлеуді жоспарлағандарды өлтіремін деп қорқытқан.

Бұл туралы адвокат Тони Базби 2 қазанда хабарлады. P.Diddy сот ісін жүргізу процесінде рэперден жәбір көрген 120 адамның 25-і зорлық-зомбылық кезінде кәмелетке толмағанын айтқан.

СУСЫНДАРЫНА ЕСІРТКІ ҚОСҚАН

Қорғаушының айтуынша, кейбір кештерде жәбірленушілердің сусындарына белгісіз заттар, соның ішінде есірткі қосқан. Мұнда 1991 жылдан бастап зорлық-зомбылық жағдайлары туралы айтылады.

18 қыркүйекте 54 жастағы Шон Комбсқа «кең ауқымды қылмыстық қауымдастық», адам саудасы және басқа да бірқатар қылмыс бойынша айып тағылды. Ол қамауға алынды және Бруклиннің федералды түрмесінде кепілге шығу мүмкіндігі жоқ.

Десе де рэпер барлық айыптауларды жоққа шығарды. Еске салсақ, Шон P. Diddy Комбстың сыбайластарының тізімінде белгілі адамдар, басшылар және банкирлер бар. Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаты Тони Базби айтты.

ШОН КОМБС ДЕГЕН КІМ?

1990-2000 жылдардағы хип-хоп жұлдыз Шон Комбс (П.Дидди, Пуффи, Пафф Дэдди, Пи Дидди лақап аттарымен танымал) жуырда қамауға алынған.

Комбс – 1993 жылы Bad Boy Records шығарған ең сәтті рэп магнаттарының бірі, продюсер, кәсіпкер, рекордтық менеджер. Грэммидің үш дүркін лауреаты. Ол кезінде Ашер, Мэри Дж. Блидж және Фейи Эванс секілді жұлдыздарды жарыққа шығарған.

Қазір 54 жастағы рэпер Нью-Йорктегі Metropolitan орталығында қамауда отыр.

НЕ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ?

14 беттен тұратын айыптау қорытындысында Комбсқа негізінен үш айып тағылған. Рэкет, мәжбүрлі секс-сауда және жезөкшелікке тарту мақсатында құрбандарды мемлекеттік және халықаралық шекаралар арқылы тасымалдау. Сондай-ақ, музыкант әйелдерге "оларға соққы беру, сүйреу, заттарды лақтыру және тепкілеу арқылы" шабуыл жасады деп айыпталды. 

Прокурорлардың айтуынша, ол қылмыс жасау үшін "қызметкерлерге, ресурстарға" және өзінің бизнес империясының ықпалына сүйенген. Мемлекеттік айыптаушылар Комбстың барлық активтерін – рэпер басқаратын мүлікті, қорларды немесе компанияларды тәркілеуді талап етеді.