Ливанда 400 мың бала үйсіз қалды - ЮНИСЕФ

Ілияс Бақыт

Ливанда соңғы үш аптада 400 мыңнан астам бала үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бұл туралы мәлімдеп, соғыс елде "жоғалған ұрпақтың" пайда болу қаупін төндіріп отырғанын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

ИЗРАИЛЬ ШАБУЫЛДЫ КҮШЕЙТТІ

Газа секторындағы ХАМАС-пен соғыстан кейін Израиль Ливанда орналасқан «Хезболлаға» қарсы операцияларды күшейтіп, жергілікті шабуылдарды бастады.

СОЛТҮСТІК АЙМАҚТАРҒА ҚАШҚАН

Соғыс салдарынан 1,2 миллион ливандық үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың көпшілігі соңғы үш аптада Бейрут пен елдің солтүстік аймақтарына қашты.

ЮНИСЕФ-тің гуманитарлық қызмет жөніндегі атқарушы директорының орынбасары Тед Чайбан қоныс аударған отбасыларды орналастыру үшін баспанаға айналдырылған мектептерді аралады.

«Соғыс үш аптаға созылды, бірақ сонша көп баланың зардап шеккені мені таң қалдырды. Қазіргі уақытта 1,2 миллион бала білім алу мүмкіндігінен айырылды. Мемлекеттік мектептер не қолжетімсіз, не соғыс әрекеттерінен зардап шеккен, не баспана ретінде пайдаланылып жатыр», – деді Чайбан Бейрутте Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЗАРДАП ШЕКТІ

Кейбір жеке мектептер әлі де жұмыс істеп тұр, бірақ мемлекеттік білім беру жүйесі қатты зардап шекті.

Чайбан Ливандағы, Сириядағы және Палестинадағы жүздеген мың бала білім алудан айырылып қалуы мүмкін деп алаңдайтынын айтты.

Оның айтуынша, соңғы үш аптада 100-ден астам бала қайтыс болды, 800-ден астамы жараланды.

АДАМ ШОШЫРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ОҚЫП ЖАТЫР

Балалар әр сыныпта үш-төрт отбасы пластикалық қалқандармен бөлініп өмір сүріп жатыр. 1000 адамға небәрі 12 дәретханадан келеді.

Кейбір отбасылар жол бойында немесе қоғамдық жағажайларда шатырларда тұруға мәжбүр.

ҚОРҚЫП ТЫҒЫЛУҒА МӘЖБҮР

Чайбанның айтуынша, көптеген балалар қару-жарақ пен атыс дыбыстарын жиі естиді, сондықтан кез келген қатты дыбыстан қорқып, тығылатын болған.

СУ ЖҮЙЕСІ ДЕ ЗАРДАП ШЕККЕН

Су жеткізу жүйелері де зардап шеккен. Соңғы үш аптада 350 мыңға жуық адамды сумен қамтамасыз ететін 26 су стансасы зақымданды. ЮНИСЕФ жергілікті билікпен бірлесе отырып, оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

СОҒЫСТЫ ТОҚТАТУҒА ҮНДЕДІ

Чайбан азаматтық инфрақұрылымды қорғауға шақырып, Ливан мен Газадағы атысты тоқтатуға үндеді. Ол қақтығыстың әскери жолмен шешілмейтінін түсіну үшін саяси ерік-жігер мен келісім қажет екенін айтты.