Белгілі блогер Super mamasita АҚШ әуежайында жанжал шығарды

Ілияс Бақыт

Белгілі қазақстандық блогер Әлия Super.mamasita Байтуғаева ұшақ салонында телефонын ұмытып кеткен. Онысы кейін әуежайда есіне бір-ақ түскен. Алайда, ол қайтадан ұшаққа орала алмай, әуежай қызметкерлерімен жанжалдасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ҰШАҚТА ТЕЛЕФОНЫН ҰМЫТЫП КЕТКЕН

Байтуғаева АҚШ әуежайларының бірінде телефонын ұмытқаны туралы желідегі парақшасында айтып берді. Ұшақтан шыққан соң телефонын ұмытып кеткенін түсінгенде, қайта оралуға тырысқан, бірақ бақылаушы әйел оны ұшаққа жібермеген. Осыдан кейін блогер күшпен кіруге әрекеттенген, бірақ бұл әрекетінен түк шықпаған. Оқиға орнына полиция келіп, Байтуғаеваны сұрақтың астына алған.

ҰШАҚТАН ТҮСІРМЕК БОЛҒАН

Әлия өзінің бүкіл жұмысы, ақшасы мен банк карталары телефонда екенін айтып, қатты уайымдағанын мойындауға мәжбүр болған. Ақыры, полиция өкілдері құжаттар толтырып, оны рейстен түсірмек болған. Дегенмен, блогер АҚШ-қа марафонға келгенін және блогерлікпен айналысатынын айтып, заң өкілдерін жібітуге тырысыпты.

ӘЙТЕУІР КЕШІРІМ БЕРГЕН

Полицейлер оған айыппұл салуға тиіс екенін айтқанымен, соңында оны рейстен түсірмей, кешірім берген. Қызметкерлер егер мұндай жағдай тағы қайталанса, 14 мың доллар айыппұл салынатынын ескерткен. Бақылаушы әйел де одан кешірім сұратқан.

ӘЛИЯ БАЙТУҒАЕВА

Әлия Байтуғаева, super.mamasita лақап атымен танымал қазақстандық блогер, Instagram-да 7 миллион жазылушысы бар. Ол 1988 жылы 6 ақпанда Ақтөбеде дәрігерлер отбасында дүниеге келген.

БЛОГЕРЛЕР ТУРАЛЫ

Қазір әлеуметтік желіде блогерлердің белсенділігі артып тұр десек артық айтпағанымыз. Өз кәсібінің жарнамасын жасату үшін оларға жүгінетіндер аз емес. Ендеше сол блогерлердің құны қанша? Желідегі бір минуттық жарнамасы үшін 1 миллион мен 3 миллион теңгенің арасында ақы алатындар кімдер? Бұл туралы Ulysmedia.kz материалында.