Атырауда есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталды

Әлихан Асқақ

Атырау облысында полиция “синтетика” таратпақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстаған.

МӘЛІМДЕМЕ

24 жастағы күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында салмағы 100 грамм, яғни 200 дозаны құрайтын мефедрон есірткі заты тәркіленді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. “Қарасора” іс-шарасы есірткі қылмысының жолын кесу және алдын алуға бағытталған.