Құрамында спортшылар да бар. Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Әлихан Асқақ

Алматы қаласының Полиция департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Олар қылмыстық әрекеттерін Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жүргізіп отырған.

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық топтың құрамында еліміздің ПОП-MMA спортшылары да болған.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді Алматы қалалық ПД ТБ жүргізіп жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.