Макрон Израиль көшбасшысына ескерту жасады

Ілияс Бақыт

Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға жолдаған мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдерін сақтау маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МАКРОН БЫЛАЙ ДЕДІ

Макрон 1947 жылдың қараша айындағы БҰҰ резолюциясына сәйкес Израильдің Палестина аумағында еврей және араб мемлекеттеріне бөлінгенін еске салды.

«Нетаньяху мырза оның елі БҰҰ шешімі негізінде құрылғанын ұмытпауы тиіс, сондықтан ол бұл ұйымның шешімдерін елемей алмайды», – деді Макрон министрлер кеңесінің жабық отырысында.

Бұл мәлімдеме жариялауға арналмағанымен, тез арада бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетті. Кейін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Макронның сөзін жұмсартып, оның мәлімдемесі БҰҰ жарғысын жалпы контексте сақтау туралы екенін, бұл тек Израильге ғана емес, барлық елдерге қатысты екенін түсіндірді.

НЕТАНЬЯХУДЫҢ ЖАУАБЫ

Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху француз көшбасшысының мәлімдемесіне жедел жауап беріп, Израиль тек БҰҰ резолюциясының емес, сонымен қатар тәуелсіздік соғысындағы жеңістің арқасында құрылғанын айтты.

Макронның Израильге қару экспортын тоқтату туралы үндеуі, әсіресе Израильдің Газа секторы мен Ливандағы операцияларында қолданылып жатқан қаруларға қатысты, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі шиеленістіре түсті.