Түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Ғалиасқар Думан

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

МӘН-ЖАЙЫ

Алматылылықтар кезекті жер сілкінісін сезді.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы бұл жолғы жер асты дүмпулерінің қуаты 2 балл болғанын мәлім етті.

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

“Жер сілкінісі туралы шұғыл хабарлама:

СБЗҰҒО ЖШС сейсмикалық бекет желілері 2024 жылғы 17 қазанда Астана уақыты бойынша 03 сағат 23 минут 01 секундта жер сілкісін тіркеді.

Жер сілкісінің координаттары: 41.138 с.б. 78.502 ш.б

Жер сілкінісі ошағы – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырымдағы Қытай аумағы

Алматыдағы зілзала қуаты – 2 балл” делінген орталық хабарламасында.

Айта кету керек, бүгін Алматыда 10:00-де сейсможаттығулар өтіп, оның барысында хабарлау жүйелері тексеріледі.