Жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін 80 мың төлейді

Әлихан Асқақ

Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем бригадасын шақырған. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚТЫ

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі егжей-тегжейлі айтып берді.

Оқиға 14 қазанда болған. 103 пультіне Ақтау қаласының тұрғынынан көптеген дәрі-дәрмектерді қабылдау туралы хабарлаған шақыру келіп түседі.

Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын пранк ұйымдастыруға шақырғанын айтқан, – деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

ЗАҢ

Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

АЙЫППҰЛ

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге).

Нәтижесінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.