ТЖМ мәліметінше, Павлодарда жанармай құю стансасында өрт шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ құтқарушылары ЖҚС жарылысының алдын алған.
Павлодардың шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейін от автожуу ғимаратына ауысқан, – делінген хабарламада.
Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Еске салсақ, кеше Алматыда «Престиж-Алатау» көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртенген.