Қыз баланы құтқарып қалған полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Ілияс Бақыт

Абай облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ЖОЛ АПАТЫ СЕБЕП

Абай облысының полиция департаменті бұл қайғылы оқиғаны растады.

«Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде Семей қаласының полициясының аға сержанты Асхат Ахатов та бар», – деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр..

«Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп мәлімдеді ведомство.

ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЕДІ

Қайтыс болған полиция қызметкері биыл наурыз айында қыз баланы құтқарып қалған еді. Қыз баланы аңдыған күдіктіні байлаған Асхат Ахатов онымен жекпе-жекке шығып өзі басынан үш пышақ жарақатын алып бірақ қызды құтқарып қалған.