Біздің мақсат – Украинаның өмір сүру құқығын қалпына келтіру – Зеленский

Сырым Қаржас

Украина президенті Владимир Зеленский Х-тегі парақшасында шағын пост қалдырып, отандастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Х/ Volodymyr Zelenskyy

Зеленский әлеуметтік желідегі бүгінгі жазбасында елдің басты мақсаты – Украинаның өмір сүру құқығын қалпына келтіру екенін айтқан.

Сондай-ақ Украина үшін шынайы әділеттілікті қамтамасыз ету және осы соғысты бәрі үшін сенімді және әділ бейбітшілікпен аяқтау да мақсат-мұраты екенін жеткізген..

“Бізді осы мақсатқа жетуге жақындататын барлық адамдарға: әрбір жауынгерге және Украинаның барлық азаматтарына алғыс айтамын”, деді В.Зеленский.

Еске сала кетсек, Украина президенті Зеленский жуырда Брюссельде «жеңіс жоспарын» жариялаған болатын.

Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Ресейдің жеңілмейтінін, Ресей мен Украина Қытай мен Бразилия ұсынған жоспарға келісуі керек деп санайтынын жеткізген.