Әлемдік нарықта бидай мен арпа күн санап қымбаттап барады

Сырым Қаржас

Биылғы егін науқаны қарқын алған кезеңде арзандап кеткен арпа мен бидай бағасы әлемдік нарықта қайта қымбаттай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

ЭКСПОРТТЫҚ БАҒА

Биылғы шілде айында егін жинау жұмыстары басталғалы, Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланған.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҒА

Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда, қазақстандық бидайдың бағасы 61 мың теңге/т болды деген сөз. Алайда Қара теңіздегі бидайдың бағасы тоннасына 250 долларға дейін немесе теңгемен есептегенде тоннасына 78 мың теңгеге дейін өскен

"Экспорттық бағадан кейін Ресей нарығындағы бағалар қымбаттады. Қазіргі уақытта Омбы облысында 23% клейковинасы бар 3-сыныпты бидайдың бағасы 14,5 мың рубль/т құрайды. Көлік шығындарын (2 мың рубль/тонна), кіріс ҚҚС төлеуді ескере отырып, Көкшетаудағы ресейлік бидайдың бағасы 84 мың теңге/тоннаны құрайды", делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі қазақстандық баға тоннасына 74-81 мың теңге кезінде отандық өндірушілер қолайлы бәсекелестік жағдайға ие.

Ал Орталық Азия елдері сатып алушыларының ұсынысы қазір ресейлік баға деңгейіне негізделген 65-70 мың теңге/тонна деңгейінде.