Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Қалижан Бектемір

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Қайрат Қонысбаев

20 қазанда Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Қостанайда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.