Үш бала эвакуацияланды: Қарағанды облысында өрт болды

Қалижан Бектемір

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қарағанды облысында өрт кезінде адамдарды эвакуациялап, оқиға орнынан газ баллондарын алып шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Бүгін, 20 қазанда таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал өртенген.

ТЖМ күшімен үйден үш бала эвакуацияланған. Оқиға орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылған.

Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады! – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, кеше Ақтау қаласының 29А шағын ауданында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанып кеткен болатын.