Астанада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты

Қалижан Бектемір

Бүгін Астана қаласы Нұра ауданы Қазыбек би көшесі бойындағы салынып жатқан ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Мария Матвиенко

Төтенше жағдайлар министрлі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ТЖМ күштері 40 шаршы метр алаңға жайылған өртті оқшаулаған.

Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанған.

Еске салсақ, Қарағанды облысында өрт болып, үш бала құтқарылған.