Алматыда дәмхана өртенді

Қалижан Бектемір

Алматыда Мақатаев көшесіндегі бір қабатты “Күнжут” дәмханасы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kursiv

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер бір қабатты дәмханадағы өртті ауыздықтаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмхананың шатырынан түтін шыққан. 

“Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жетті. Өрт 30 минутқа жетпей ауыздықталды. Дәмханада келушілер болған жоқ. Алдын ала өрт аумағы 350 шаршы метр болды” делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Астанада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шыққан.