АҚШ мектебіндегі атыс: 3 адам қаза тауып, 8 адам жараланды

Сырым Қаржас

АҚШ-тың Миссисипи штаты, Холмс округі мектептерінің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Сонымен қатар тағы 8 адам жарақат алған.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Футболшылар округ бойынша өткен жарыста мектептің жеңісін тойлап жатқан. Сол сәтте 200-300 адамнан тұратын топқа екі адам оқ жудырған.

НЕ СЕБЕП БОЛҒАН?

Холмс округінің шерифі Уилли Марчтің айтуынша, атыс бірнеше жастың өзара жанжалының нәтижесінде туындаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шериф полиция күдіктілерді іздестіріп жатқанын айтты. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.