Суданда атып түсірілген ұшаққа Қырғызстанның қандай қатысы бар?

Әлихан Асқақ

Қырғызстан Азаматтық авиация агенттігі Суданда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Онда EX-76011 нөмірімен тіркелген ИЛ-76ТД ұшағы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Қырғызстан тізілімінен шығарылып, Суданда тіркелгені атап өтілген.

21 қазанда Суданда Ил-76 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Бортта ресейліктер болғаны хабарланған.

ҰШАҚ АПАТЫ

Судандағы жағдайды бақылайтын Sudanwarmonitor порталы "Жедел қолдау күштері" (RSF) бөлімшелері Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшатын Ил-76 жүк ұшағын қателесіп атып түсіргенін хабарлады. Ұшақ "Жедел қолдау күштері" (RSF) үшін қару-жарақ тасымалдаған.

Оқиға Солтүстік Дарфурдың Малха ауданында болған деп болжануда.

Mash Telegram Channel қаза тапқандардың бірі Airline Transport Incorporation FZC инженері Ресей азаматы Виктор Гран екенін жазды.

Интернетте жарияланған бейнелерден оған берілген куәлік "Манас" әуежайына жататыны белгілі болды.

Әуежайдың баспасөз қызметі Гран Манаста жұмыс істемейтінін және олармен басқа компания арқылы жұмыс істегенін растады, сондықтан ресми куәлік берілген.