«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Қалижан Бектемір

«ҚазАвтоЖол» АҚ республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті бөлісіп, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген Ұлттық оператор таратқан хабарламада.

“Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс.

1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.