Алматыда 16 Telegram-арна бұғатталды

Қалижан Бектемір

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамалап, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«ЗАКЛАДЧИК» ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНҒАН

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар "закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды.

Нәтижесінде, сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Telegram құқұқ бұзатын контентті бірден өшіріп отыру үшін кеңсесін ашқанын жазған едік.