Алаяқтар Қазақстан Журналистер одағына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде деген жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басшылығының атынан құқық қорғау органдары, нақтырақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚЖО-ға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр-мыс деген жалған ақпарат таратуда, – делінген одақ таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстан Журналистер одағы ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінген болатын.
ҚР ОРГАНДАРЫ ДӘРМЕНСІЗ
Алайда аталған күш құрылымдары ешқандай көмек көрсете алмайтынын мәлімдеді. Себебі бұл алаяқтар, сонымен қатар, шетелден де әрекет етіп отыр, – деп түсіндірді Журналистер одағы.
Осыған ұқсас жалған ақпараттар соңғы бірнеше ай бойы министрлік, әкімдіктер, сонымен қатар құқық қорғау органдары басшыларының атынан да жиі таралып келеді. Соған байланысты, мемлекеттік органдар, соның ішінде орталық мемлекеттік органдар тиісті ақпараттарды теріске шығарып, алаяқтарға сенбеу туралы жиі жариялап жүр.
Бұған дейін алаяқтардың журналистердің атын жамылып, құйтырқы әрекеттерін іске асырып жүргені туралы жазғанбыз.