Өскемен қаласындағы дәмханалардың біріне ерекше «шығармашылық» идеясы үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алда келе жатқан бейресми мереке – Хэллоуинге дайындық аясында Өскемендегі дәмханалардың бірінің басшылығы мерекелік шығармашылықпен айналысуға бел буып, есік алдына қара түсті материалмен қапталған адамның дене пішініне ұқсас мүсінді ағашқа асып қойған.
Бір қарағанда үрей туғызатын белгісіз декорация кафеге клиент тартпақ түгілі, жергілікті жұртшылықтың зәресін алған.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде ренішін білдіріп, жергілікті полиция мен әкімдіктің әрекетсіздігіне сын айта бастаған соң, тиісті орган «қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін» мекеме иесіне 30 АЕК – 111 мың теңге көлемінде айыппұл салған.