Рекорд: Түркия биыл 178 елге әскери өнім экспорттаған

Сырым Қаржас

Түркия қорғаныс компаниялары 2023 жылы 178 елге өнім экспорттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы Ыстамбұлда өткен SAHA EXPO 2024 халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі көрмесіне қатысқан  Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Аa.com

Осылайша, түркиялық компаниялар биылдың өзінде-ақ 178 елге өнім экспорттап, айтарлықтай рекорд орнатты.

Президент SAHA EXPO көрмесінде жалпы сомасы 6,2 миллиард доллар болатын келісімдерге қол қойылатындығын, оның 4,6 миллиард доллары экспорттық келісімшарттар екенін атап өтті.

Түркия басшысы сондай-ақ TÜRKSAT 6A және IMECE түрік спутниктік жобаларына да тоқталып, бұл жобалар арқылы жинақталған тәжірибе Түркияның Айдағы миссиясын дайындау және жүзеге асыруда пайдаланылатынын атап өтті.