Қорғаста 991 киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды

Қалижан Бектемір

"Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҰҚК

ТОЛЫҒЫРАҚ

Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілген.

АҚБӨКЕНДЕРДІ АТУҒА – ТЫЙЫМ

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында ақбөкендерді жайратып салған 11 адам ұсталғанын жазған едік.

Сондай-ақ Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын.