Қостанай облысында жеңіл көліктің түгі қалмай өртеніп кетті

Қалижан Бектемір

Қостанай облысының өрт сөндірушілері отқа оранған көлікті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Оқиға Қостанай ауданы Ульянов ауылының маңындағы автожолда болды. ТЖМ күштері жеңіл автокөліктегі өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. 

ТЖМ азаматтарды сақ болуды ескертті.

Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Атырау облысында жол апаты болып, 4 адам тірідей өртеніп кетті.