Қазақстанда Қытай көліктерінің тағы үш түрін құрастырғалы жатыр

Сырым Қаржас

Бұл жөнінде Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Министрдің айтуынша, отандық автомобильдердің CKD әдісімен өндірісін ұлғайтуға баса назар аударылады. Осы арқылы елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру көзделіп отыр.

– Осы бағытта, шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылады. Сонымен қатар, 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп, 150 млн долларға Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісі пысықталуда, – дейді ол.

Сонымен қатар, секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарланған. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтіледі.