Ресей Украинаға шабуыл жасаса, батыс қатаң санкция салмақ

Ulysmedia

Шетелдік БАҚ жазғандай, АҚШ Ресейге рубль бағамына қатысты санкция салып, SWIFT банк төлемдері жүйесінен ажыратуды қарастырады деп хабарлайды Ulysmedia. 

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Осылай болмақ, егер РФ Украинаға шабуыл жасаса. Бұл ретте АҚШ-қа еуропалық одақтастары қосылып, Ресей Федерациясының бірқатар несие ұйымдары мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры бойынша рубль айырбастауды шектейтін жаңа санкциялар енгізуді қарастыруда.

«Ресейдің кейбір ірі банктеріне және Ресейдің тікелей инвестициялар қорына қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін, бұл АҚШ президенті Джо Байден сейсенбіде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен сөйлескен кезде айтатын ықтимал нұсқалардың бірі.

Ең қатаң шара SWIFT-тен ажырату екені анық. Бірақ бұл Ресей азаматтарына қатты соққы болар еді. Сондықтан ресми тұлғалар рубльді долларға, еуроға және британдық фунтқа айырбастау мүмкіндігінен айыруға бейім».

Бұдан тыс, қайталама нарықта Ресей мемлекеттік қарызына инвестициялауға тыйым салыну жағы талқылануда.

АҚШ пен РФ президенттері телекөпір сипатында бүгін Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де сұхбаттаспақ.