АҚШ-та 70 миллионнан астам сайлаушы президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НАҚТЫ ДЕРЕК
Флорида штатының университеті 70 053 286 америкалық мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланғанын көрсететін деректерді жариялады. Барлығы шамамен 168 миллион АҚШ азаматы дауыс бере алады.
ТАСС хабарлағандай, 37,4 миллионнан астам адам өз дауысын сайлау учаскелерінде, 32,6 миллионға жуығы пошта арқылы берді.
Ең көп адам Техас (7,9 миллион), Флорида (7,3 миллион) және Калифорния (6 миллион) штаттарында ерте дауыс берді.
АҚШ-тағы сайлау
Еске сала кетсек, АҚШ-та президент сайлауы 5 қараша күні өтеді. Трампты ресми түрде Республикалық партия мемлекет басшысы лауазымына ұсынып отыр. Қазіргі вице-президент Харрис демократтар атынан бағын сынамақ.
Кеше осы сайлау аясында 50 миллионнан азамат алдын ала дауыс бергенін жаздық.
Сондай-ақ әлдекімдердің Трамптың жеңісі үшін 30 млн доллар тіккені белгілі болды.