Астаналықтарды аялдама басып қала жаздады

Әлихан Асқақ

Автобус аялдамасының темір конструкциясы астананың автобусты күтіп тұрған үш тұрғынын басып кете жаздады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Оқиға бүгін, 4 қарашада болды.

Біз дәл осы аялдаманың астында тұрдық, ол желден еңкейіп, бізге тиіп кете жаздады, – деді куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді.

Сығанақ көшесіндегі аялдама павильонында дәнекерлеу тігістері тарады. Аялдама осы жазда орнатылды. Қазіргі уақытта аялдама сигнал таспасымен қоршалған. Күні бойы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, – деп түсіндірді мемлекеттік органда.