5 қарашада Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мен Франция халықтарын біріктіретін берік достық туралы мәлімдеме жасап, оны X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) қазақ тілінде жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.
Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз”, деп жазды Макрон.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 4 қарашада мемлекеттік сапармен Францияға барды.
Мемлекет басшысын Париж әуежайында Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро күтіп алды, одан кейін екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған ресми сапар бағдарламасы басталды.