Павлодарда мектепте балаларға шошқа етін берген

Қалижан Бектемір

Оқиға Павлодардағы мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

5 қарашада комиссия мүшелері Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде ас мәзірінде шошқаның шұжығынан жасалған асты көрдік. Бұл жағдайды біз білмедік. Сондықтан әкімшілік пен комиссия мүшелері алдағы уақытта бұндай жағдайға жол бермейміз. Мына шұжықтардың барлығын өз қолымызбен қоқысқа тастап жатырмыз, – дейді комиссия мүшесі.

АСПАЗ КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Оқиғаға қатысты асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған.

Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Сіздерден бүгінгі жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Ол фирманың шұжықтарының құрамында шошқа еті болады деп ойлаған жоқпыз. Енді пайдаланбаймыз, ас мәзірінде пицца, шұжық қосылған бәліш секілді тағамдар болмайды, – дейді аспаз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазнетте курьердің Алматыдағы колледждердің бірінің ғимаратында орналасқан асханаға шошқа етін жеткізіп бердім деген видеосы тараған болатын.