Доллар 500 теңгеге таяды

Әлихан Асқақ

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490-495 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Ұлттық банктің 7 қарашаға арналған ресми бағамы жарияланды.

АҚШ доллары 492,14 теңге

Ресей рублі 5,01 теңге

Еуро 528,85.

Ұлттық валюта бағамының құбылмалылығын жіті қадағалап отырған қазақстандық сарапшылар Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің артуы қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында күман туғызып, ұлттық валютамыз теңгеге деген сенімді азайтатынын атап өтті.

Осы ретте Ұлыс тілшілері “Доллардың 1000 теңге болуы рас әңгіме ме: дефолт Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін” деген тақырыпта сараптама әзірлеген.