Саңыраулар қоғамының басшысы 115 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

Ғалиасқар Думан

Оқиға Шығыс Қаазақстан облысында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысының әрекеті әшкереленген.
 
Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Қор басшысы мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударып алған деп айыпталып отыр.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.