Есірткі зертханасы жойылды

Әлихан Асқақ

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 5 кг жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұған дейін Шымкентте түркістандық кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталған. Күдіктілер әр есірткі бумасы үшін бір жарым мың теңгеден алып отырған. Олар жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барғаны хабарланды.