Жаңаөзеннің өнеркәсіп аймағында дизель отыны өртенді

Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы өнеркәсіп аймағында ірі өрт шықты. Жалын бірнеше нысанды шарпыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Солтүстік өнеркәсіп аймағында бір-бірінен бөлек орналасқан үш қойма, екі жүк көлігі мен дизель отыны өртенген.

– Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сізге қызық болуы мүмкін