ҰҚК төрағасы Сағымбаев сыбайлас жемқорлық дауларынан кейін қызметінен кетті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Сағымбаев ҰҚК-ні 2022 жылғы 6 қаңтардан бері басқарды. Ол бұл қызметке Қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған. Сол кезде комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталған еді.

2026 жылғы тамызда Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметіне қайта тағайындалған еді.

Кадрлық шешім «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты сыбайлас жемқорлық даулары мен ұстаулар туралы хабарлардан кейін қабылданды.

Президент күзетінен арнайы қызмет басшылығына дейін

Ермек Сағымбаев 59 жаста. Ол Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институты мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша инженер-электромеханик және заңгер.

1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен. Кейін Мемлекеттік күзет қызметіне ауысқан.

2019 жылы Президент күзеті қызметінің бастығы болды. Ал 2021 жылғы тамызда Мемлекеттік күзет қызметін басқарды.

2022 жылғы қаңтарда ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындалды. Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты әскери атағы бар.

Сізге қызық болуы мүмкін