Ақмола облысы Бұланды аудандық соты сыбайлас жемқорлық айыбымен ұсталған құқық қорғау органдарының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша жария сот отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында үкімді ауданның полиция және прокуратура қызметкерлерінің көзінше оған. Оған департамент қызметкерлері онлайн қатысқан.
МӘН-ЖАЙЫ
“Сотта анықталғандай, құқық қорғау органының бұрынғы басшысы Д. қызметтік бабын пайдалана отырып, алаяқтыққа әрекет жасаған (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 2-тармағының 3-бөлігі) және лауазымды адамға пара беруге итермелеген (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі). Сот үкімімен Д. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан, атағынан айырылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сотталғаннан заңсыз алынған 2500000 теңге пара сомасы мемлекет кірісіне өндірілді” делінген сот хабарламасында.
ПАРА АЛҒАН
Полиция қызметкер қылмыстық істі тоқтату үшін күдіктіден 2 млн теңге пара алды. Кейін одан тағы 1 млн теңге талап етіп, бас тартсаң қамауға алынасың деп қорқытқан. Соманы алғаннан кейін полиция қызметкері ұсталған.
”Д.-нің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Жаза тағайындауда сот Д.-да кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жай, ал құқық қорғау органының қызметкері қабылдаған антты бұзған адамның құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жай деп есепке алды” дейді сот өкілдері.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.