8 айда алғаш рет азық-түлік инфляциясы 0,4% азайды - ҰБ

Ulysmedia

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, азық-түлік инфляциясы 0,4% азаюы кейінгі 8 айда бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Биылғы жылғы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8 айда алғаш рет азық-түлік инфляциясының 11,3%-тен 10,9%-ке дейін, сондай-ақ ақылы қызметтердің 6,9%-тен 6,4%-ке дейін баяулауы аясында 8,9%-тен 8,7%-ке дейін баяулады. Қарашада айлық инфляция 0,7% болды және 5 жыл ішінде орташа мәннен төмен қалыптасты», - деді ұлттық банк басшысы үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, азық-түлік инфляциясының баяулауы өткен жылдың жоғары базасына және үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін ұстап тұру бағытында жүргізіп жатқан жұмысына байланысты болып отыр. Соған қарамастан, азық-түлік инфляциясы бұрынғысынша бағаның жылдық өсуіне қосатын үлестің жартысына жуығын 8,7%-тің - 4,3 пайыздық тармағын құрайды.