ДСМ Қазақстанда ерлердің денсаулығын жаппай тексеруді қолға алмақ

Қалижан Бектемір

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүрек-қан тамырлары, онкология аурулары елдегі ересектер арасында көп таралып жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: yusupovs.com

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министрдің айтуынша, жыл сайын миллиондаған қазақстандық скринингтен өтеді. Биыл 3,4 миллионнан астам ересек пен 4,5 миллион бала ауруды ерте сатысында анықтауға және мүгедектікке әкелетін көптеген асқынуларды болдырмауға көмектесетін тексерістен өткен.

Көптеген ересек үшін мүгедектіктің негізгі себебі – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология. Биыл 68 мың адам инсульт орталықтары мен коронарография орталықтарында көмек алды. Оңалтуға ерекше назар аударылады — пациенттердің көбірек белсенді өмірге оралуына көмектесу үшін оңалту төсектерінің саны 12 мыңға дейін ұлғайтылды, – деп мәлімдеді Әлназарова.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Төрт жылда көрмеген азапты көріп келеміз»: Арқалықтан келген ерлі-зайыпты министр Әлназароваға жүгінді

ӘЛНАЗАРОВА ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕДІ

2025 жылдан бастап паллиативтік көмек қаржыландыру 42% өседі. Келесі жылы 50 жастан асқан ер адамдарда, инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасы басталады. 

Денсаулығымызға бүгіннен бастап қамқорлық жасауымыз керек. Тек тұрақты тексерулер мен профилактикаға назар аудару өмір сапасын сақтауға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, – деді Денсаулық сақтау министрі. 

Еске салсақ, бұған дейін  мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов онкологиялық науқастарды емдеуге, гемодиализге, паллиативті көмекке бөлінетін бюджет қаражатын қысқартудың орнына Денсаулық сақтау министрлігі басқа шаралар арқылы жүздеген миллиард үнемдей алатынын айтқан болатын.