Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды

Қалижан Бектемір

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді ұстап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шыққан.

Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады.