Каталонияның метеорологиялық қызметі аймақ тұрғындарына алдағы тәулікте жаңа су тасқынын тудыруы мүмкін нөсер жауатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВВС-дің хабарлауынша, табиғи апат Испанияға айтарлықтай шығын әкелді: өткен аптада су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты.
Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын жұма күні кешке басталып, сенбі түске дейін жалғасады. Жауын-шашынның қарқындылығы 30 минутта 20 мм-ге жетуі мүмкін деп күтіліп отыр.
Дәл қазір испандық БАҚ Жирона провинциясында жаңбыр құйып жауып жатқанын хабарлады. Кадакес қаласында су тасқыны жолындағының барлығын қиратып, жергілікті журналист жариялаған видеода 30-дан астам көлік көшелерде “жүзіп” жүр. Каталонияның өртке қарсы қызметінің мәліметінше, көліктердің ішінде ешкім жоқ, үйінділер тазартылып жатыр.
Еске сала кетсек, табиғи апат Испанияда қазан айының соңында, Валенсия провинциясын алапат нөсер су басқан кезде басталды. Сол су тасқынының салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты, көбісі із-түссіз жоғалды. Су тасқыны жүздеген үйді қиратып, инфрақұрылымға келтірілген залал ондаған миллион еуроға бағаланды.